20
февраль
2025
Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күн
Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына биыл 36 жыл толуына орай мектебімізде волейболдан турнир өтті. Мақсаты: Ауған соғысының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ардагер жауынгерлерді қадірлеп, құрметтеу.
Турнирге ауылымыздың тұрғыны, соғыс ардагері Кусманов Болат ағамыз қатысып, ауған соғысы жайында қиындығы мен қасіреті туралы, жауынгерлік тапсырмаларын қалай орындағандары, әртүрлі ұлттан құралған әскер қатарының мызғымас достығы мен көрсеткен ерліктері туралы айтып берді. Сонымен қатар жарысқа қатысушылар соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Турнирге 4 команда қатысты
1 орын- оқушылар командасы
2 орын - студенттер командасы
3орын - мұғалімдер командасы