Оралхан Бөкей » Семияр ОМ
Абай облысы білім басқармасының
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің
"Семияр орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7 (72236) 45-84-39
Есепші:
+7 (72236) 45-84-39
Версия
для слабовидящих
» » Оралхан Бөкей
11
январь
2024

Оралхан Бөкей

Жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің 80 жыл мерейтойы қарсаңында қаңтардың 10-жұлдызы мектебімізде “Мұзтаудың мұзбалағы” атты әдеби іс-шара өткізілді. 
Аталмыш іс-шара 5-11 сынып оқушылары және гуманитарлық пән бірлестігі мүшелерінің қатысуымен өтті. Алдымен жазушы рухына құрмет ретінде бір минуттық үнсіздік жарияланды. 5-6 сынып әзірлеген жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы деректі фильм көрсетілсе, 7-сынып оқушылары жазушыға арнаған арнау өлеңдерін көпшілікке ұсынды. 8- сынып оқушылары Оралхан Бөкей жайлы жазылған қаламдастарының пікірімен бөлісті. Ал, 9-сынып оқушылары “Естімеген елде көп” деген мақалды алға тартып, жазушы жайлы қызықты он дерек дайындапты. “Кербұғы”, “Апамның астауы”, “Тортай мінер ақ боз ат”, “Өз отыңды өшірме” атты шығармаларынан 10-11 сынып оқушылары мүдірмей жатқа үзінді оқыды.  Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылған болатын. Оқушылар кітап көрмесін тамашалап, рухани дамыды.Әдеби іс-шара көпшіліктің көңілінен шықты.