«Мектепке жол» республикалық акциясы » Семияр ОМ
Абай облысы білім басқармасының
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің
"Семияр орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7 (72236) 45-84-39
Есепші:
+7 (72236) 45-84-39
Версия
для слабовидящих
» » «Мектепке жол» республикалық акциясы
01
август
2023

«Мектепке жол» республикалық акциясы


2023 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясы жарияланды.

Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларының, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың сапалы білім алуына және жеке тұлға болып қалыптасуына құқықтарын жүзеге асыру.

Міндеттері: баланың білім беру жағдайларын жақсартуға, қолайлы ортада оқуға және қауіпсіз даму жағдайларына құқықтарын іске асыру; оқу жылының басында аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық қолдау көрсету.

Барлық көмек қолың созамын деген адамдарды, меценаттарды, кәсіпкерлерді, мемлекеттік органдардың өкілдерін «Мектепке жол» акциясын өткізуге белсенді қатысуға және балаларды сапалы білім мен бақытты балалық шақ жолында жеке қолдауға шақырамыз! Балаларға көмектесе отырып, біз еліміздің өркендеуіне жол ашамыз, жаңартылған Қазақстанның жаңа ой-өрісін қалыптастырамыз!

«Мектепке жол» акциясына қатысу үшін “Семияр орта мектебі” КММ хабарласу қажет
Тел. 87223697252